Біздің серіктестеріміз бен клиенттеріміз

«Инновациялық технологиялар мен зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС
Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау мен білім беру жүйесін дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыра отырып, мемлекеттік және жеке ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатады.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі – медициналық қызметтердің сапасына тәуелсіз сараптама жүргізу
  • Өңірлердің Денсаулық сақтау басқармалары – денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, инновациялық технологияларды енгізу және медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша бірлескен жұмыс
  • Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – медициналық қызметтердің сапасына тәуелсіз сараптама
  • ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті – медициналық қызметтердің сапасына тәуелсіз сараптама

Медициналық ұйымдар

  • Алматы қалалық №8 клиникалық ауруханасы – менеджментті жетілдіру және медициналық қызмет сапасын басқаруды жақсарту бойынша ынтымақтастық
  • Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханасы – сыртқы кешенді бағалауға (аккредитацияға) дайындық
  • Қалалық қан орталығы – менеджментті жетілдіру және аккредитацияға дайындық
  • Алматы қалалық №3 емханасы – менеджментті жетілдіру, медициналық қызмет сапасын басқаруды жақсарту және пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастық
  • Алматы қалалық №4 емханасы – медициналық қызмет сапасын басқаруды жетілдіру және халыққа сапалы медициналық көмек көрсету бойынша медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
  • Алматы қалалық №23 емханасы – халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
  • Алматы қалалық №27 емханасы – халыққа сапалы медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру
  • Pro Kines оңалту орталығы — медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, медициналық оңалту бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу.

Білім беру ұйымдары

  • Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы – денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлеріне арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және біліктілікті арттыру циклдарын өткізу бойынша бірлескен жұмыс
  • С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КеАҚ — денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлеріне арналған білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу және біліктілікті арттыру циклдерін ұйымдастыру.

Халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар

  • Жалпы және профилактикалық медицина мамандарының қауымдастығы ҚБ – денсаулық сақтау және білім беру жүйесін жақсартуға, сондай-ақ әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған жобалар шеңберінде ынтымақтастық
  • Бастапқы медициналық-санитарлық көмек және қалпына келтіру-оңалту медицинасы мамандарының қауымдастығы ҚБ – денсаулық сақтау мен білім беру жүйесін жетілдіруге, әлеуметтік бастамаларды қолдауға және білім беру бағдарламаларын іске асыруға бағытталған жобалар бойынша ынтымақтастық
  • Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі – Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесінің жағдайын бағалау және жетілдіру
  • SHOWA Медициналық университеті (Жапония) – ми функцияларын талдау және цифрлық медицина саласындағы зерттеулер
  • Clinic Medical Park Floria (Түркия) – медициналық қызмет сапасын жетілдіру мәселелері