Консалтингтік қызмет
Медициналық ұйымдарға арналған консалтингтік қызметтер
| Қызметтің атауы | Мақсаты | Қысқаша мазмұны |
|---|---|---|
| Денсаулық сақтау саласында аккредиттеуге дайындық әдістемесі | Медициналық ұйымның қызметін аккредитация стандарттарына сәйкестігі бойынша сыртқы кешенді бағалауға дайындау | Ұйым қызметін аккредитация талаптарына сәйкестігі бойынша бағалау, жүйелі қателерді анықтау, жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу, алгоритмдер мен стандартталған операциялық рәсімдерді әзірлеп тәжірибеге енгізу |
| Эпидемиологиялық қолайсыз жағдайда инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістемесі | Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіру | Инфекциялық қауіпсіздік бойынша кеңес беру, алгоритмдер мен СОП әзірлеу, инфекциялық қауіпсіздік бойынша НҚА және нұсқаулықтармен қамтамасыз ету |
| Медициналық оңалтуды ұйымдастыру әдістемесі | Медицина қызметіне оңалту қызметін толық кіріктіру | Реабилитациялық қызметті ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек, реабилитация кезеңдерімен таныстыру, қарттар мен балаларға арналған ерекшеліктер, нормативтік актілерге шолу |
| Медициналық көмектің сапасына тәуелсіз сыртқы сараптама әдістемесі | Бағдарламалық құжаттар индикаторларын талдау, ұйым тиімділігін бағалау | Соңғы 3–5 жылдағы көрсеткіштерді талдау, құрылым, этикалық нормалар, тәуекелдер басқаруы, ішкі құжаттама, кадр дайындығы мен бағалауы, сапа көрсеткіштері және ішкі аудит жүйесі бойынша толық сараптама |
| Менеджмент жүйесінің тиімділігін бағалау | Басқару жүйесінің тиімділігін анықтау | Стратегиялық жоспарды талдау, негізгі индикаторларды орындау, сапа көрсеткіштері, ішкі аудит пен науқастарды қолдау қызметін бағалау |
| Пациент құқықтарының сақталуын және қызмет сапасын сараптау | Сыртқы тексерулерге дайындық, ішкі бақылау, пациенттермен даулардың алдын алу | Құқықтардың сақталуы, құжаттардың рәсімделуі, ішкі бақылау жүйесі, ВКК жұмысы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдармен жұмыс, қызметкерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігі |
| Медициналық қызметті лицензиялық талаптарға сәйкестігін сараптау | Сыртқы тексерулерге дайындық және заңнамалық сәйкестікті тексеру | Негізгі құжаттар мен ұйымның материалдық базасын бағалау, штат құрылымы мен біліктілік сәйкестігін талдау, ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін сараптау |
| Ішкі бақылау жүйесі бойынша ұйым қызметін сараптау | Медициналық қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету | ВКК құжаттары, ішкі бұйрықтар, бақылау деңгейлері, пациенттер мен қызметкерлерді сауалнамалау, ереже бұзушылықтың алдын алу, ішкі құжаттама бойынша толық талдау |
| Уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптау аудиті | Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасына дайындық және ішкі бақылау | Сараптама жүргізу ережелерін сақтау, диагноз қою, мерзімді анықтау, құжаттарды рәсімдеу, ВКК-ның рөлі |
| Дәрілік заттарды айналымға енгізу талаптарының сақталуын тексеру | Дәрі-дәрмектермен жұмыс сапасын қамтамасыз ету | Есепке алу, сақтау шарттары, температуралық режимдер, инвентаризация, ішкі бақылау жүйесі бойынша сараптама |
| Наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс талаптарын сақтау аудиті | Арнайы бақылауға жататын қызметтің заңнамаға сәйкестігі | Қойма, қауіпсіздік жүйелері, рұқсат беру құжаттары, кадрлар дайындығы, барлық есептік және тасымалдау құжаттарын сараптау |
| Медициналық бұйымдар және техникамен жұмыс аудиті | Қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру | Жабдықты тіркеу, техникалық қызмет көрсету, сақтау, қауіпсіздік талаптары, утильдеу, бұйымдармен жұмыс құжаттарын сараптау |
| Медициналық құжаттаманы рәсімдеу сараптамасы | Құжат сапасын бағалау және қателіктердің алдын алу | Медициналық карталар, зерттеулер нәтижелері, диагноз, емдеу жоспары, келісім және бас тарту құжаттары, шақыру карталары, босану тарихы, балалар карталары, алғашқы құжаттар бойынша толық сараптама |
| Медициналық қызметкерлердің біліктілігін бағалау | Біліктілік талаптарына сәйкестікті тексеру | Білім туралы құжаттар, кәсіби стандарттар, штат саны, лауазым атаулары, еңбек функцияларын орындау сәйкестігін бағалау |
| Кадр ресурстарын талдау және дамыту | Кадрлық аудит және заң талаптарына сәйкестік | Еңбек тәртібі, ынталандыру ережелері, дербес деректерді қорғау, еңбек шарттары, лауазымдық нұсқаулықтар, кадр құжаттары, демалыс кестесі, жұмыс уақыты есебі, еңбек қауіпсіздігі құжаттары |
| Денсаулық сақтау саласындағы өзге сараптамалық қызметтер | Тапсырыс берушінің жеке қажеттіліктері бойынша | |
| Ұйымның Стратегиялық жоспарын әзірлеу | Медициналық ұйымның стратегиялық көзқарасын қалыптастыру және мемлекеттік саясатты, салалық басымдықтарды, денсаулық сақтауды басқарудың заманауи тәсілдерін ескере отырып, оның тұрақты дамуының мақсаттарын айқындау. | Медициналық ұйымның Стратегиялық жоспарын әзірлеу бойынша миссиясын, көзқарасын, құндылықтарын, ішкі әлеуеті мен сыртқы ортасын ескере отырып, кеңес беру және әдістемелік қолдау көрсету:– қазіргі жағдайға аудит жүргізу және басқару мен операциялық аспектілерге диагностика жасау (күшті/әлсіз жақтар, тәуекелдер, қажеттіліктерді талдау);– мақсаттар ағашын және стратегиялық жоспардың логикалық құрылымын қалыптастыру;– стратегиялық және операциялық мақсаттарды анықтау, тиімділік көрсеткіштері мен мониторинг тетіктерін белгілеу;– тұрақты даму мақсаттарын (SDGs), цифрлық трансформацияны және клиентке бағытталған тәсілді интеграциялау бойынша ұсынымдар;– жоспар құрылымын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі талаптарына, аккредитация стандарттарына және халықаралық тәжірибеге (WHO, OECD және т.б.) бейімдеу;– Стратегиялық жоспардың орындалуын бағалау және іске асыру кезеңдерінде түзету механизмдерін әзірлеу.Қызмет соңында енгізуге арналған құжат үлгісі мен жекелендірілген ұсынымдар беріледі. |
| Гранттық жобаларды ғылыми-әдістемелік қолдау | Ғылыми және бақылаушы органдардың талаптарына сай, гранттық қаражат есебінен қаржыландырылатын ғылыми жобаларды сапалы дайындау, іске асыру және есеп беруді қамтамасыз ету. | Ұйымдар мен ғылыми ұжымдарға жобаның өмірлік циклі бойы кеңес беру және әдістемелік қолдау көрсету: – жобаның негіздемесін және логикалық құрылымын әзірлеу (problem tree, logical framework, Gantt chart); – мақсаттар, міндеттер, күтілетін нәтижелер мен тиімділік индикаторларын қалыптастыруға көмек көрсету; – ғылыми гранттарға өтінім беру кезінде сүйемелдеу (мысалы: Science Fund, ҚР ҒЖБМ, халықаралық байқаулар); – бюджет пен ресурстарды бөлу бойынша ұсынымдар; – ішкі мониторинг және есеп беру жүйесін әзірлеу; – аралық және қорытынды ғылыми есептерге аудит жүргізу.Сүйемелдеу ұлттық және халықаралық ғылыми қызмет стандарттарын ескере отырып жүзеге асырылады. |
| Ғылыми жарияланымдарды редакциялық-сараптамалық сүйемелдеу | Ұлттық және халықаралық ғылыми журналдарда мақалалар жариялау процесін кәсіби сүйемелдеу арқылы зерттеушілер мен ұйымдардың жарияланым сапасы мен белсенділігін арттыру. | Ғылыми мақалаларды кешенді сүйемелдеу: – журналдың индекстеуіне (Scopus, Web of Science, РИНЦ және т.б.) сәйкес релевантты ғылыми басылымды таңдауға көмек; – журнал талаптары, формальды және стильдік ерекшеліктері бойынша кеңес беру; – мәтінді құрылымдық және ғылыми редакциялау (IMRAD форматы, сілтемелер, аннотация, түйінді сөздер); – мақаланың ғылыми жаңашылдығы, маңыздылығы және өзектілігі талаптарына сәйкестендіру; – қабылданбаған мақалалармен жұмыс: рецензент ескертулеріне сәйкес қайта өңдеуге көмек; – ғылыми жарияланым этикасы мәселелері бойынша кеңес (авторлық, плагиат, мүдделер қақтығысы).Қажет болған жағдайда ілеспе хаттарды әзірлеу және ағылшын тіліне аудару қызметі көрсетіледі. |
