Ғылыми жарияланымдарды редакциялық-сараптамалық сүйемелдеу

Мақсат — ұлттық және халықаралық ғылыми журналдарда мақалалар жариялау процесін кәсіби сүйемелдеу арқылы зерттеушілер мен ұйымдардың жарияланым сапасы мен белсенділігін арттыру.

Ғылыми мақалаларды кешенді сүйемелдеу:

– журналдың индекстеуіне (Scopus, Web of Science, РИНЦ және т.б.) сәйкес релевантты ғылыми басылымды таңдауға көмек;

– журнал талаптары, формальды және стильдік ерекшеліктері бойынша кеңес беру;

– мәтінді құрылымдық және ғылыми редакциялау (IMRAD форматы, сілтемелер, аннотация, түйінді сөздер);

– мақаланың ғылыми жаңашылдығы, маңыздылығы және өзектілігі талаптарына сәйкестендіру;

– қабылданбаған мақалалармен жұмыс: рецензент ескертулеріне сәйкес қайта өңдеуге көмек;

– ғылыми жарияланым этикасы мәселелері бойынша кеңес (авторлық, плагиат, мүдделер қақтығысы).

Қажет болған жағдайда ілеспе хаттарды әзірлеу және ағылшын тіліне аудару қызметі көрсетіледі.