Гранттық жобаларды ғылыми-әдістемелік қолдау

Мақсат — ғылыми және бақылаушы органдардың талаптарына сай, гранттық қаражат есебінен қаржыландырылатын ғылыми жобаларды сапалы дайындау, іске асыру және есеп беруді қамтамасыз ету.

Ұйымдар мен ғылыми ұжымдарға жобаның өмірлік циклі бойы кеңес беру және әдістемелік қолдау көрсету:

– жобаның негіздемесін және логикалық құрылымын әзірлеу (problem tree, logical framework, Gantt chart);

– мақсаттар, міндеттер, күтілетін нәтижелер мен тиімділік индикаторларын қалыптастыруға көмек көрсету;

– ғылыми гранттарға өтінім беру кезінде сүйемелдеу (мысалы: Science Fund, ҚР ҒЖБМ, халықаралық байқаулар);

– бюджет пен ресурстарды бөлу бойынша ұсынымдар;

– ішкі мониторинг және есеп беру жүйесін әзірлеу;

– аралық және қорытынды ғылыми есептерге аудит жүргізу.

Сүйемелдеу ұлттық және халықаралық ғылыми қызмет стандарттарын ескере отырып жүзеге асырылады.