МО (СОП) аккредитациясына дайындық
Медициналық ұйымдарды сыртқы кешенді бағалауға (аккредитацияға) дайындау
Қызметтің мақсаты:
Медициналық ұйымдарды денсаулық сақтау саласындағы сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес сыртқы кешенді бағалаудан өтуге жан-жақты дайындау және әдістемелік қолдау көрсету.
Көрсетілетін қызмет:
1. Ағымдағы жағдайды талдау
- Ұйымның аккредитацияға дайындығын бағалау
- Мәселе туындаған және сәйкессіздік орын алған салаларды анықтау
- Құжаттаманы, процестерді және басқару құрылымын талдау
2. Түзету шараларын әзірлеу
- Анықталған кемшіліктерді жою бойынша кезең-кезеңмен жоспар құру
- Ішкі сапа бақылауын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
- Стандартталған операциялық процедураларды (СОП), ережелерді, бұйрықтарды әзірлеу немесе жаңарту
3. Персоналды оқыту және сүйемелдеу
- Аккредитация критерийлері бойынша оқу семинарларын өткізу
- Жақсарту шараларын енгізу бойынша тәлімгерлік
- Жауапты тұлғаларға консультациялық көмек көрсету
4. Сыртқы бағалауға дайындық
- Сыртқы сараптамаға ұқсас сынама тексерулер жүргізу
- Негізгі индикаторлар мен талаптарға сәйкестігін тексеру
- Сыртқы сарапшылармен тиімді өзара әрекетке дайындық
Медициалық ұйымдар алатын нәтижелер:
- Сыртқы кешенді бағалаудан сәтті өту мүмкіндігін төмендететін сәйкессіздіктерді жою
- Ұйым ішіндегі сапа менеджменті деңгейін арттыру
- Сыртқы бағалаудан сәтті өтуге сенімділік
- Клиниканың беделін және пациенттердің сенімін арттыру
Қызметті қалай алуға болады:
Кеңес алуға өтінім қалдырыңыз — біз бастапқы диагностика жүргізіп, жеке сүйемелдеу жоспарын ұсынамыз.
Аккредитацияға дайындық кезінде медициналық ұйымдарға арналған пайдалы нормативтік көздер:
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 5 қарашадағы № ҚР ДСМ–111 бұйрығы – «Медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы» |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығы – «Медициналық қызметтердің (көмектің) сапасына ішкі және сыртқы сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-147/2020 бұйрығы – «Медициналық оқиғаларды анықтау, тіркеу және талдау қағидаларын бекіту туралы» |
| ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығы – «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттаманы жүргізу, құжаттарды басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» |
| ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығы – «Ұлттық мұрағат қорының құжаттары мен басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтерде қабылдау, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы – «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманың нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығы – «Денсаулық сақтау нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығы – «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-105 бұйрығы – «Қауіпті химиялық және биологиялық заттарды қолданатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 19 шілдедегі № ҚР ДСМ-62 бұйрығы – «Иммунологиялық (иммунобиологиялық) дәрілік препараттарды сақтау, тасымалдау және қолдануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығы – «Радиациялық қауіпті нысандарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 тамыздағы № ҚР ДСМ-71 бұйрығы – «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтерін бекіту туралы |
| ҚР-ның 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 219-I Заңы – «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-275/2020 бұйрығы – «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығы – «Өндірістік және тұтыну қалдықтарын жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығы – «Қазақстан Республикасында бастапқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыру стандарты» |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № ҚР ДСМ-27 бұйрығы – «Стационарлық жағдайларда медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты» |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ-27 бұйрығы – «Стационарлық жағдайларда мамандандырылған көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру стандарты» |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ-25 бұйрығы – «Қазақстан Республикасында педиатриялық көмекті ұйымдастыру стандарты» |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығы – «Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру стандарты» |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы – «Жедел медициналық көмекті, оның ішінде санитариялық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 65 бұйрығы – «Медициналық оңалтуды ұйымдастыру стандарты» |
| ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығы – «Қашықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және төлеу қағидаларын бекіту туралы» |
